Атырау, 26 қыркүйек 00:30
 ашықВ Атырау +15
$ 478.16
€ 534.92
₽ 5.18

Шымкентте ауыл шаруашылығының проблемалық мәселелері талқыланды

721 просмотра

Шымкент қаласындағы жұмыс сапары аясында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек қаланың бірнеше кәсіпорнында болып, жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.  

Министр орынбасарының сапары өңірдегі ең маңызды кәсіпорындардың бірі "НМИ-ЮГ" ЖШС көкөніс дақылдарын сақтауға арналған қоймаға барудан басталды. Айта кетейік, көкөніс қоймасының жобалық қуаты 22 500 тоннаны құрайды.  

Бұдан соң вице-министр қуаттылығы жылына 380-500 тонна «OtanAgro» ЖШС қарасты жылыжай кешенінің жұмысымен танысты. Жылыжайда Әбілхайыр Тамабек кәсіпорын басшылығы мен қызметкерлеріне Шымкент қаласы мен Түркістан облысында жылыжай шаруашылықтарына субсидиялар төлеу басталғанын атап өтті. Желтоқсан айында жабық жерге көкөніс дақылдарын отырғызу науқаны басталады. 2023 жылғы 25 желтоқсандағы жағдай бойынша ұлттық стандартқа сәйкестік сертификаттарын 814 жылыжай алды, тағы 825 өтінім қаралуда. Төлемдердің жалпы көлемі 900 млн теңгеден астам, алушылардың басым көпшілігі – фермерлік жылыжайлар.

Жылыжай кешенінің аумағында вице-министрдің Шымкент қаласының өзге шаруаларымен де кездесті. Әдеттегідей ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер субсидиялармен байланысты сауалдарын қойды. Фермерлер ет және жұмыртқа өнімдерін өндірушілерді мемлекеттік қолдау туралы сұрады. Әбілхайыр Тамабек ережеге сәйкес асыл тұқымды бір күндік төлдерді сатып алу; құс етін өндірудің өзіндік құнын төмендету; асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытының соңғы түріндегі тәуліктік жас жануарларды алу субсидияланатынын түсіндірді. Сонымен қатар, инвестициялық салымдар кезінде АӨК жұмсаған шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау көзделген, бұл ретте өтеу үлесі 25% құрайды.

Шымкент фермерлерді ауыл шаруашылығын пайдаланатын жерлер бойынша салықты төмендету мәселесі де толғандыратын көрінеді. Әбілхайыр Тамабек министрліктің бұл мәселені мүдделі өзге де мемлекеттік органдармен пысықтап жатқанын, алайда бонитет балы бойынша базалық мөлшерлемелерді қолдану салық заңнамасы немесе қала шекарасы өзгерген жағдайда ғана мүмкін болатынын атап өтті.

Мұнан соң Әбілхайыр Тамабек асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағдарламасы бойынша салынған "Эгамназаров" ЖК сүт-тауар фермасының жұмысымен танысты. Кәсіпорынның жобалық қуаты – 200 бас ІҚМ. Фермағадағы кездесуде вице-министр СҚО-ның СТФ құрылысы бойынша тәжірибесін тарату шеңберінде 2024 жылы Шымкентке 4 жобаны іске асыруға 4,5 млрд теңге бөлінетінін хабарлады.

Сапар соңында Әбілхайыр Тамабек кездесуде айтылған барлық проблемалық мәселелер мен ұсыныстар Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан мұқият зерделенетіндігін жеткізді.


30 желтоқсан 2023, 11:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.