Атырау, 26 қыркүйек 00:22
 ашықВ Атырау +15
$ 478.16
€ 534.92
₽ 5.18

Батыс Қазақстанда ауыл әкімдігінің қызметкері 12 млн теңге жымқырған

644 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Батыс Қазақстан облысы Шағатай ауылдық округінің бас маманы ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды, деп хабарлайды Sputnik облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

"Шағатай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы 2020 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде өзінің карточкалық шотына заңсыз ақша аудару жолымен 12 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды", - деп жазды прокуратура.

Қазіргі уақытта аталған факті Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігі "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бойынша тергеліп, сотқа жолданды.

Сот үкімімен әкімдік қызметкері 3 жылға бас бостандығынан айырылып, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде жазасын өтейтін болды.

Бірақ үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

29 желтоқсан 2023, 15:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.