Атырау, 26 қыркүйек 02:21
 ашықВ Атырау +16
$ 478.16
€ 534.92
₽ 5.18

Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

575 просмотра
Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Иматұлы Сүнтаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Полиция генерал-лейтенанты Сөнтаев Қайрат Иматұлы 1961 жылы 7 мамырда Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылында дүниеге келген.

Білімі – жоғары, 1992 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Жоғары біліктілік сыныбы – 3 дәрежелі.

«Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы» мемлекеттік наградасымен марапатталған.

  • 1981 жылға қазаннан 1983 жылғы қыркүйекке дейін – Кеңес Армиясы қатарында қызмет атқарған;
  • 1992 жылғы маусымнан 1994 жылғы тамызға дейін – Павлодар облысы прокуратурасының тергеушісі;
  • 1994 жылғы тамыздан 1997 жылғы шілдеге дейін – Бас прокуратура басқармасының прокуроры, аға прокуроры;
  • 1997 жылғы шілдеден 2000 жылғы желтоқсанға дейін – Ақмола облысы Ерейментау ауданының, Астана қаласы Алматы ауданының прокуроры;
  • 2000 жылғы желтоқсаннан 2002 жылғы қазанға дейін – Астана қаласы прокурорының орынбасары;
  • 2004 жылғы шілдеден 2006 жылғы қаңтарға дейін – Астана қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығының орынбасары;
  • 2006 жылғы қаңтардан 2008 жылғы тамызға дейін – Тергеу және анықтау департаментінің бастығы, Тергеу комитеті төрағасының орынбасары, Тергеу комитетінің төрағасы;
  • 2008 жылғы тамыздан 2009 жылғы қазанға дейін – Атырау облысы ІІД бастығы;
  • 2009 жылғы қазаннан 2010 жылғы сәуірге дейін – Қарағанды облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығының орынбасары;
  • 2011 жылғы маусымнан 2014 жылғы қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеген;
  • 2014 жылғы қарашадан 2018 жылғы маусымға дейін – Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюро департаментінің басшысы (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет);
  • 2018 жылғы маусымнан 2019 жылғы шілдеге дейін – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның басшысы (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет);
  • 2019 жылғы шілдеден 2020 жылғы наурызға дейін – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет);
  • 2020 жылғы 13 наурыздан бастап – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары.
28 желтоқсан 2023, 12:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.