Атырау, 26 қыркүйек 02:24
 ашықВ Атырау +16
$ 478.16
€ 534.92
₽ 5.18

Астанада дәмхана есігін қасақана бүлдірген курьер ұсталды

523 просмотра
Видеодан кадр

Астанада дәмхана есігін қасақана бүлдірген курьер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бұзақы жеткізілген тапсырысты қабылдамағаны үшін кофехананың әйнек есігін бірнеше рет тепкілеп, айтарлықтай зақым келтіріп кеткен. Осы дерек бойынша учаскелік полиция инспекторлары масаң күйде болған 23 жастағы елорда тұрғынын анықтаған.

Бұзақының өрескел әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалды", - делінген хабарламада.

Оған қатысты ӘҚБтК-нің 147-1 бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілік қарастырылып, жиналған материал шешім қабылдау үшін әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған.

"Алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе мас күйінде қоғамдық орындарға шыққаны үшін құқық бұзушыға ӘҚБтК-нің 440-бабымен хаттама толтырылған".

28 желтоқсан 2023, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.