Атырау, 26 қыркүйек 02:19
 ашықВ Атырау +16
$ 478.16
€ 534.92
₽ 5.18

ҰҚК қазақстандықтан сақ дәуіріндегі алтын бұйымдарды тәркіледі

513 просмотра

ҰҚК қызметкерлері семейлік тұрғыннан Сақ дәуіріне жататын зергерлік бұйымдарды тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК Абай облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен тарихи құндылыққа жататын бағалы бұйымдардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Семей тұрғынын ұстады.

"Тінту барысында аң стилінде орындалған Сақ дәуіріне жататын жалпы салмағы 79 грамм 4 алтын әшекей тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 193-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, бірқатар сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарламада.


28 желтоқсан 2023, 16:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.