Қазақстандықтарды сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін кешенді жаңғырту – ҚР Үкіметі жұмысының басымдықтарының бірі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасында осы бағыттар бойынша нақты міндеттерді белгіледі:
– 7 жыл ішінде 111 млн шаршы метр тұрғын үй салу;
– үлескерлердің қатысуымен салынып жатқан проблемалық үйлердің барлығының құрылысын аяқтау;
– 40 мыңға жуық апатты және тозығы жеткен тұрғын үй иелерін жаңа баспанамен қамтамасыз ету;
– жаппай тұрғын үй құрылысы жүріп жатқан аудандарда инженерлік коммуникациялар жүргізу жұмыстарын жандандыру;
– елді мекендердің 100%-ын сумен жабдықтау;
– жылумен және сумен жабдықтау, су тарту желілерінің тозу көрсеткішін 40%-ға дейін төмендету.
2023 жылғы құрылыс және ТКШ салаларындағы нәтижелер туралы Primeminister.kz шолу материалынан оқыңыз.
- 11 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 15 млн шаршы метрден астам жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16%-ға артық. Осының арқасында 140 мыңға жуық отбасы үй жағдайларын жақсартты.
Жалпы республика бойынша 134 мың тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде 32 мыңнан астамы – жеке тұрғын үйлер.
- Құрылыс жұмыстарының көлемі 5,9 трлн теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,6%-ға артық.
- Құрылыс материалдарының отандық өндірісін ұлғайту саланы дамытуда маңызды саналады. Осы орайда 2027 жылға дейінгі жол картасы бекітілді. Ол құрылыс индустриясы саласындағы жалпы құны 1,8 трлн теңгеге жуық 270 жобаны қамтиды.
- Биыл 73 млрд теңгеге 41 жоба іске қосылды. Олардың ішінде Қарағанды облысында бірінші сұрыптағы әк және Астанада асфальт бетонын өндіретін зауыттар бар. Сондай-ақ Абай облысында цемент зауыты қалпына келтіріліп, жаңғыртылды. Жетісу облысында қыш тақтайша өндірісі кеңейтілді. Астанада шатыр және қаптайтын материалдарды шығару жолға қойылған.
Жақын арада Шымкентте 2 млрд теңге сомасына тағы 3 жоба пайдалануға беріледі деп күтілуде.- Жалпы республикада құрылыс материалдарының өндірісі 10,2%-ға 1,03 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл ретте жалпы көрсеткіште құрылыс материалдары сатып алынған отандық тауар өндірушілердің үлесі 62-ден 66%-ға дейін ұлғайды, бұл олардың ішкі нарықтағы позицияларының нығайғанын білдіреді.
- Кезекте тұрғандарды қолжетімді әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету аясында биыл 10,9 мың жалдамалы пәтер сатып алуға 104 млрд теңгеден астам, сондай-ақ несиеге берілетін 12,5 мың тұрғын үй салуға және сатуға 158 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.
- «Отбасы банк» 43,7 млрд теңге сомасына баспана алуға 2% жеңілдікпен 4,4 мың несие, сондай-ақ 32 млрд теңгеге 5% жеңілдікпен 2,7 мың несие берді. Бұл – «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламалары.
- Бір-біріне өте жақын етіп үй салуға жол бермеу мақсатында 2024 жылғы қаңтардан бастап енгізілетін бірыңғай қала құрылысы сараптамасының тетігі әзірленді. Енді әзірленген және түзетілген жобалар (бас жоспарлар, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс жобалары) Мемқалақұрылыскадастырының ақпарат жүйесіне міндетті түрде тіркеліп, кешенді сараптамадан өтетін болады.
- Үлескерлердің қатысуымен құрылыс жүргізу саласындағы бақылауды күшейту және құрылыстың ұзаққа созылу тәуекелдерін азайту үшін заңнамаға жаңа түзетулер әзірленді:
- Қазіргі уақытта бұл түзетулер – ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауында.
- Биыл инженерлік желілерсіз тұрғын үй нысандарын жобалауға және салуға тыйым салынды. Бұл сапасыз нысандарды пайдалануға беру тәуекелдерін жояды.
- «Жедел ден қою шарасы» жаңа бақылау тетігін енгізу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Ол профилактикалық бақылау аясында оқиға орнына бармай-ақ, заң бұзушылықтарға уақытылы жауап беріп, олардың жолын кесуге, оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру және рұқсат беру құжаттарынан (лицензиялар, аттестаттар, аккредиттеу) айыруға мүмкіндік береді.
- Астанада осы жылдың басында 4 мыңнан астам үлескер қатысатын 16 проблемалық нысан аяқталмай жатқан. Биыл 3,6 мыңға жуық үлескер пәтер кілтін алды. Қалған үлескерлер кілтін 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында алмақ.
- Биыл 560 км жылу желілері, сондай-ақ 1,7 мың км сумен жабдықтау және су тарту желілері жөнделді.
- Жыл соңына дейін ел тұрғындарын сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейін 97,6%-ға дейін, оның ішінде қалаларда 98,8%-ға дейін, ауылдарда 96,3%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Жалпы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылдың соңына дейін халықты 100% таза ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда.