Атырау, 26 қыркүйек 02:19
 ашықВ Атырау +16
$ 478.16
€ 534.92
₽ 5.18

Қазақстанда Kcell, Tele 2 және Beeline ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу басталды

620 просмотра

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Kcell, Tele 2 және Beeline ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Кәсіпкерлік кодекстің 199-бабының 3-тармағын ескере отырып, бір күнтізбелік жылда бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттердің белгілерін қайта анықталуына байланысты Агенттік Кәсіпкерлік кодекстің 170-бабы бойынша қазіргі уақытта "Кселл" АҚ, "МТ–С" ЖШС (Tele2/Altel) және "Кар-Тел" ЖШС (Beeline) ұялы операторларына қатысты тергеп-тексеруді бастады”, – делінген сәрсенбіде тараған ақпаратта.

Қазақстандықтар байланыс бағасының қымбаттауына шағымдана бастаған. Агенттік дерегінше, 2023 жылы ұялы байланыс операторларының тарифтік жоспарлары бойынша бағаның 7,7% - дан 57,3% - ға дейін айтарлықтай өсуі тіркелгені анықталған.

“Осылайша, 2023 жылдың мамыр-шілде айлары аралығында ғана ұялы байланыс операторлары өздерінің ресми сайттарында ақпаратты жариялап, ай сайынғы абоненттік төлеммен 30-дан астам тарифтік жоспарда көрсетілетін қызметтердің құнын бірінен соң бірі көтерген”, – дейді агенттік.

Бұған дейін Агенттік ұялы байланыс операторларының бір минуттық сөйлесулердегі қоңыраулардың құнын және тарифтік жоспарлардағы бір SMS-ті белгілеу жөніндегі әрекеттерінде (көрсетілген қызметтердің бір бірлікке тарифтелуі көзделген) бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимылдардың белгілерін (Кәсіпкерлік кодекстің 170-бабы) анықтаған болатын. Ұялы операторлар хабарламаны белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, Агенттік тергеп-тексеру жүргізу туралы да шешім шығарады.

27 желтоқсан 2023, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.