Атырау, 3 маусым 09:51
 дождьВ Атырау +13.2
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

"Қазақмыс" кенішінде жұмысшы қаза тапты

806 рет қаралды

"Қазақмыс" компаниялар тобы 2023 жылы 26 желтоқсанда Ұлытау ауданындағы "Жыланды" кенішінде болған қайғылы оқиға туралы хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Сағат 18:30-да "Шығыс Сары-Оба" шахтасы учаскелерінің бірінде жерасты өздігінен жүретін машинаны жұмыс орнына алып бара жатып, жүргізуші абайсызда 1992 жылы туған жүргізушіні қағып кеткен. Нәтижесінде қызметкер ауыр дене жарақатын алып, қаза болды. Апаттың мән-жайы мен себептерін арнайы комиссия анықтап жатыр", - делінген компания таратқан хабарламада.

"Қазақмыс" компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

27 желтоқсан 2023, 09:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.