Атырау, 26 қыркүйек 02:19
 ашықВ Атырау +16
$ 478.16
€ 534.92
₽ 5.18

Қазақстандық тергеушілер 50 мыңға жуық істі сотқа жіберді

509 просмотра

Бүгінде еліміздегі қылмыстық істердің 96%-ын ішкі істер органдарының тергеушілері тергеп жатыр. Осы жылдың басынан бері полиция 360 мың қылмыстық істі тергеді, оның ішінде 167 мың іс аяқталды, 50 мыңға жуығы сотқа жіберілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Сонымен қатар биыл ІІМ-нің тергеушілері азаматтарға ірі шығын келтірген қылмыстық топтарға, есірткі зертханаларына, бала саудасына, қаржы пирамидаларына қатысты қылмыстық істерді тергеуді аяқтады.

Ішкі істер органдарының істері бойынша барлығы 49 мың адам қылмыстық жауапкершілікке тартылса, оның 1409-ы аса ауыр қылмыс, 12 517-сі ауыр қылмыс жасағаны үшін.   

Тергеушілер жұмысындағы басым бағыттардың бірі – қылмыстан зардап шеккендерге келтірілген шығынның өтелуін қамтамасыз ету. Биыл жәбірленушілерге 21 млрд теңгеден астам шығын өтелді, ал мүлікті тәркілеуге қатысты сот үкімін орындау мақсатында 1 млрд теңгеден астам мүлікке тыйым салынды. Тергеу нәтижелері бойынша тергеу және анықтау бөліністерімен қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы 50 мыңнан астам ұсыну енгізілді.

27 желтоқсан 2023, 09:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.