Атырау, 26 қыркүйек 02:19
 ашықВ Атырау +16
$ 478.16
€ 534.92
₽ 5.18

Таразда есірткі сатқан екі полицей ұсталды

605 просмотра
фото: freepik.com

Таразда екі полиция қызметкері есірткі сатқан жерінен ұсталды. Синтетикалық есірткіні саудалағандарды Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің өкілдері қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Күдіктінің бірі қалалық №2-ші полиция бөлімшесіне қарасты криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары екен. Майор шеніндегі тергеуші 2,8 грамм синтетикалық есірткіні 100 мың теңгеге сатып жатқан жерінен ұсталды. Ал қасындағы «сыбайлас саудагер» өзінің қол астындағы қызметкері болып шықты. Аға жедел уәкіл қызметіндегі тергеуші тіпті полиция подполковнигі екен.

Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен іс қозғалды. Бұл бап бойынша «лауазымды тұлғаның қызмет бабын пайдаланып, аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

26 желтоқсан 2023, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.