Атырау, 26 қыркүйек 02:12
 ашықВ Атырау +16
$ 478.16
€ 534.92
₽ 5.18

Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеген адамдарға арнайы төлемдер қалай беріледі?

567 просмотра
Сурет: REUTERS

Бүгін Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын таныстырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді әлеуметтік қорғаудың қосымша тетіктерін енгізу шеңберінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы әлеуметтік төлемдер енгізілетінін хабарлады.

«Бұл төлемдерге кемінде 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған 55 жасқа толған жұмыскерлер құқылы. Төлемді алудың негізгі шарты еңбек жағдайлары зиянды жұмыспен айналыспау керек. Мұндай жағдайда жұмыскерлер үшін жұмысқа орналастыру шаралары ұсынылатын болады», - деді министр. 

Оның айтуынша, арнаулы әлеуметтік төлем төрт қаражат көзінен жүзеге асырылады: республикалық бюджеттен 2 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы; зейнетақыға дейінгі аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша 1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде сақтандыру төлемі; жұмыс берушінің қаражаты есебінен 1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде кәсіптік төлем; БЖЗҚ-дағы жинақтарды ескере отырып, зейнетақы төлемі. Жұмыскер зейнеткерлік жасқа толғанға дейін арнаулы әлеуметтік төлем алады.

26 желтоқсан 2023, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.