Атырау, 26 қыркүйек 02:19
 ашықВ Атырау +16
$ 478.16
€ 534.92
₽ 5.18

Көлік министрі: 2026 жылы ауыр жүк көліктері Қазақстан жолдарынан жойылады

483 просмотра

Көлік министрлігінің басшысы Марат Қарабаев министрлік өз тарапынан көліктік бақылау инспекторларының жұмысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға және үстеме бақылау тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар қосымша шараны енгізіп жатқанын хабарлады.

"Егер жүк көлігінің иелері заңнама талаптарын сақтаса, дұрыс болар еді. Алайда, талаптар жиі бұзылып тұрады. Нәтижесінде бұл бюджетке орасан зор зиян келтіреді. Мәселен, Батыс Қазақстан облысында жолдың құрылысына кірістірілген ауыр жүк көліктері жаңа жолдарды қалай бұзғанын көріп отырмыз", – деді көлік саласына жауапты министр.

Қордаланған мәселені шешу үшін министрлік 2024 жылы қалалардың кіріс және шығыс бөліктеріне бейнекамералар орнатуды бастайды. Олар автоматты түрде артық салмақ үшін айыппұл салады. Сонымен бірге 220 камераны "Сергек" бейнебақылау жүйесімен біріктіру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ ҚР Көлік министрлігі бөлінбейтін ірі көлемді жүктерді тасымалдауға ресми арнайы рұқсаттар беру және самосвалдардың жолдармен қозғалысын шектеу тетіктері пысықталуда.

"Әлемнің кез келген жерінде карьерлік ауыр жүк көліктерінің жалпыға ортақ пайдаланылатын автожолдармен жүруіне тыйым салынады. Қазақстан, бәлкім, мұндайға жол берген жалғыз ел. Біз аталған шектеулерді 2023 жылдан бастап іске қосқымыз келді. Дей тұрғанмен, нарық қатысушылары аз да болса уақыт беруді сұраған болатын. Сондықтан ауыр карьерлік жүк көліктеріне 2025 жылдың аяғы мен 2026 жылдың басында қазақстандық жолдармен жүруіне тыйым салынады", – деп атап өтті Марат Қарабаев.

Сонымен қатар егер министрліктің ұсынысы Үкімет пен Парламентте қолдау тапса, тасымалдаушылар төлеуге тиісті арнайы рұқсаты болған кезде белгілі бір шегіне дейін артық жүктерді тасымалдауға мүмкіндік беретін норма енгізіледі. Аталған шешім жергілікті жерлер орын алуы мүмкін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюды көздейді.

26 желтоқсан 2023, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.