Атырау, 27 қыркүйек 02:48
 ашықВ Атырау +16
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Ұшақтың апаттық есігін ашып жіберген ер адам жауапқа тартылды

540 просмотра
Видеодан кадр

Әуе кемесінің апаттық есігін ашқан ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

23 желтоқсанда Fly Arystan әуе компаниясы өкілдерінің өтініші бойынша Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Шымкент – Алматы бағытындағы рейс жолаушысын анықтап, ұстады. Құқық бұзушы акт бойынша рейстен түсірілді.

«Тексеру барысында Алматы қаласының 29 жастағы тұрғынының мас күйде ұшақ бортындағы қауіпсіздік ережелеріне бағынбағаны анықталды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ол «орташа дәрежелі» мас күйде болған», - делінген хабарламада.

Құқық бұзушыға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі, 566-бабы 1-бөлігі, 434-бабы 1-бөлігі бойынша бірден үш әкімшілік хаттама толтырып, 8 АЕК көлемінде айыппұл салды.

Ұсақ бұзақылық бойынша іс шешім қабылдау үшін Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданатын болады.

Аталған бап бойынша құқық бұзушы 15 тәулікке дейінгі әкімшілік қамауға алу түрінде жазалануы мүмкін.


25 желтоқсан 2023, 14:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.