Атырау, 28 сәуір 19:32
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

ҰҚК Сириядағы террористік топтардың құрамына қосылмақшы болған қазақстандықты ұстады

619 просмотра
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2023 жылғы 22 желтоқсанда Алматының әуежайында шетелдік террористік орталықтарға барып қосылуды жоспарлаған Қазақстан азаматын елімізден ұшып кетпекші болғанда ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұрын ол ұрлық, зорлау және кісі өлтіргені үшін сотталған.

"Бостандыққа шыққаннан кейін радикалды идеологияның ықпалына түсіп, террористік топтардың құрамына қосылу үшін Сириядағы соғыс аймағына бару туралы шешім қабылдаған", - деп хабарлады ведомство.

Сондай-ақ ол террористік әрекеттерді қаржыландырды деп күдікке ілінді.

Қылмыстық кодекстің 258-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.


23 желтоқсан 2023, 12:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.