Атырау, 27 сәуір 19:17
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

"Ресей Тоқаевтен көмек сұрады": Ақорда The Wall Street Journal басылымының зерттеуіне қатысты пікір білдірді

742 просмотра
© Sputnik

Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли The Wall Street Journal басылымының зерттеуіне қатысты түсінік берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Wall Street Journal бұған дейін "Путиннің оң қолы Пригожиннің көзін қалай жойды" деген мақала жариялаған болатын.  Онда, атап айтқанда, Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев "Вагнер ЖӘК" көтерілісі кезінде "Евгений Пригожинді (Вагнер басшысы – ред.) шегінуге көндіру үшін біраз жерге телефон соққаны” айтылады. Басылым Патрушевтің Қазақстан мен Беларусьқа да телефон соққанын, ал Астанамен жоспары егер әскер вагнерліктерді тоқтата алмаса көмекке келеді деп күткен. "Бірақ Тоқаев бас тартты, Лукашенко көмектесуге келісті", – делінген мақалада.

Берік Уәли бұл ақпаратты жоққа шығарды.

“Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды", – деді президенттің баспасөз хатшысы.

24 маусымға қараған түні Ростов облысында "Вагнер" ЖӘК мүшелері әскери бүлік шығаруға әрекеттенді. Бұл туралы әскери рота басшысы Евгений Пригожиннің хабарламаларынан кейін белгілі болды. Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі Вагнер ЖӘК-ның шабуылдау отрядтарының жауынгерлеріне сілтеме жасай отырып, олар "Пригожиннің қылмыстық авантюрасына алданып, қарулы көтеріліске қатысқанын" мәлімдеді.

Кейінірек келіссөздер нәтижесінде вагнерліктер Мәскеуге жорықты тоқтатып, басып алынған Ростов-на-Донуды азат етіп, далалық лагерьлеріне оралды.

Кейін Кремль Евгений Пригожинге қатысты қылмыстық іс тоқтатылып, Беларуське аттанатынын хабарлады. Ал билік көтеріліске қатысқан "вагнерліктерді" қудаламайды деді.

23 тамызда Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі Мәскеуден Санкт-Петербургке ұшқан Embraer Legacy ұшағы Тверь облысындағы Куженкино ауылының маңында құлағанын хабарлады. Ведомствоның түсіндіруінше, бортта он адам, оның ішінде үш экипаж мүшесі болған, олардың барлығы қаза тапқан. Әуе көлігі федералдық агенттігінің хабарлауынша, жолаушылар тізімінде Вагнер ЖӘК негізін қалаушы Евгений Пригожиннің де есімі аталды.

Кейін Путин Пригожиннің қайтыс болғанын растап, көңіл айтты. Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұған дейін Пригожиннің өлімінің артында Кремль болуы мүмкін деген мәлімдемелерді "өтірік" деп атаған.

22 желтоқсан 2023, 17:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.