Атырау, 28 сәуір 09:00
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Сауд Арабиясы Қазақстанның шикізат секторына инвестиция салады

683 просмотра
Фото: gov.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі барлау мен өндіруге арналған әлеуетті аймақтар туралы 15 инвестициялық жобаны шетелдік инвесторларға таныстырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасы Эр-Риядта өткен үкіметаралық комиссиясының 6-отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрлі өкілдері мен «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Ғалиев Сауд Арабиясы Корольдігінің Инвестициялар жөніндегі министрі Халид әл-Фалихпен кездесті.

«Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде 2024 жылдың көктемінде Сауд Арабиясы Корольдігінде Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өткізетін қатты пайдалы қазбаларды өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционның таныстырылымы өтті. Ерлан Ғалиев аукционның инвесторларды тарту үшін маңызды мүмкіндік екенін айтты.

«Тау-кен өндіру саласын дамытудағы бұл маңызды кезең Қазақстанның табиғи ресурстарын тиімді пайдаланудағы стратегиялық бағдарлануын көрсетеді. Аукцион тау-кен өнеркәсібінің түрлі саласына мүдделі инвесторлар мен компаниялар үшін бірегей мүмкіндіктер тудырады», - деп атап өтті ол.

Аукцион таныстырылымынан бөлек, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі геологиялық ақпараттың 15 инвестициялық пакетін әзірлеген. Бұл пакеттер барлау мен өндіруге арналған әлеуетті аймақтарды ұсынады және аукционда да ұсынылады. Сондай-ақ, әлеуетті инвесторларға тау-кен жобаларын дамытуға қаражат салу туралы негізделген шешімдер қабылдау үшін қажетті егжей-тегжейлі геологиялық деректерге қолжеткізуді қамтамасыз етеді.

22 желтоқсан 2023, 17:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.