Атырау, 27 қыркүйек 02:52
 ашықВ Атырау +16
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

БҰҰ Бас ассамблеясы Семей өңіріне қатысты қарар қабылдады

394 просмотра

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас ассамблеясы Семей өңірін оңалту туралы қарарды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

БҰҰ Бас ассамблеясы отырысында "Қазақстандағы Семей аймағының халқын, экологиясын және экономикалық дамуын оңалту мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық пен қызметті үйлестіру" атты қарар бірауыздан қабылданды.

Құжатта ассамблея халықаралық қауымдастықты Қазақстанға зардап шеккен халықты емдеу мен күту бойынша арнайы бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға, сондай-ақ Семей өңірінің экономикалық өсімі мен тұрақты дамуын қамтамасыз етуге күш салуға көмектесуге шақырды.

Сондай-ақ, БҰҰ мүше мемлекеттерді, тиісті көпжақты қаржы ұйымдарын және халықаралық қоғамдастықтың басқа да құрылымдарын "Семей өңірінің халқын, экологиясын және экономикалық дамуына" үлес қосу үшін ақпарат пен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ халықаралық қоғамдастықтың проблемалар туралы хабардарлығын арттыруға шақырды.

Айта кету керек, бұл БҰҰ Бас ассамблеясының Семей өңірі бойынша он бірінші қарары, оның біріншісі 1997 жылы қабылданған. БҰҰ-ға мүше 85 мемлекет қарардың бірлескен авторы болды.

21 желтоқсан 2023, 11:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.