Атырау, 27 қыркүйек 04:24
 ашықВ Атырау +16
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Қазақстан су қорының 46%-ын трансшекаралық өзендерден алады

397 просмотра

Бұл туралы Сенат отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Жалпы республика көлемінде бір жылдың ішінде 102,3 текше шақырым су қалыптасады. Соның 54 пайызы өзіміздің Қазақстан жерінде, 46 пайызын трансшекаралық өзендер арқылы басқа елдерден алып отырмыз. Мақсатымыз – өзіміздің жерімізде қалыптасқан су көлемін жинақтау. 2024-2026 жылдары 20 су қоймасын салу үшін жұмыстар жүргізіп отырмыз. Оның біреуі салынды, 2024 жылы Түркістан облысында тағы бір су қоймасын салу үшін қаражат бөлінді. 8 су қоймасының жобалық-сметалық құжаттары әзірлену үстінде. Су қоймаларын салған соң біз қосымша 3,7 текше шақырым суды жинақтаймыз", - деді ведомство басшысы. 

Министрдің дерегінше, республика бойынша 35 мың шақырымнан астам ирригация жүйелері бар. 

"Соның 14,5 мыңын қалпына келтіруіміз керек. Бірінші кезеңде сол үш жылдың ішінде 3,5 мың шақырымды анықтадық. Жобалық-сметалық құжаттардың бәрі дайын. Оны қалпына келтіру үшін 171 млрд теңге көлемінде қаражат керек. Егер біз сол жұмыстарды атқарсақ, қосымша 3 текше шақырым суды үнемдеуге мүмкіндік береді", - деп жалғастырды ол. 

Нұржан Нұржігітов су үнемдеу технологияларын кеңінен пайдалану қажеттігін баса айтты. 

"Өкінішке қарай, бүгінгі таңда Қазақстанда тек қана суармалы жерлердің 17 пайызы осындай технологияларды еншізіп отыр. Министрлік ретінде көзқарасамыз – осы технологияларды негізінен оңтүстік Қазақстанда көбірек енгізу. Себебі ағын судың пайдаланып жатқан үлесін есептесек, бес облыс 95 пайыздан көп ағын суды пайдаланып жатыр", - деп түсіндірді Су ресурстары және ирригация министрі.

Айта кету керек, осыған дейін Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев трансшекаралық өзен-сулардың мәселесін көтерген болатын.

21 желтоқсан 2023, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.