Атырау, 27 қыркүйек 04:26
 ашықВ Атырау +16
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Ақтөбеде «Аграрлық несие корпорациясы» басшысының экс-орынбасары сотталды

436 просмотра
фото: freepik.com

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ақтөбе филиалы директорының бұрынғы орынбасары алаяқтық әрекеті үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында шаруа қожалығының басшысы шетелден әкелінген 277 бас асыл тұқымды малды сатып алу үшін «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие желісін ашу туралы өтінішпен корпорация филиалына жүгінгені анықталды.

«Оған 90 млн теңге көлемінде несие қаражаты бөлінді. Осыдан кейін сотталған азамат шаруа қожалығының басшысын алдау арқылы Ресейден мал сатып алу-жеткізу туралы ЖШС-мен шарт жасатқан», - делінген агенттік хабарламасында.

Шаруа қожалығының басшысы есеп айырысу шотына 90 млн теңге аударған, бірақ бұл қаражатты корпорацияның Ақтөбе филиалы директорының орынбасары жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

«Ол бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқықбұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, «АФМ Insider» Телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі», - деп ескертеді агенттік өкілдері.


21 желтоқсан 2023, 09:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.