2023 жылғы 17 желтоқсанда сағат 22:38- де Атырау қаласы, Жұмыскер поселкесі, С. Сакипов көшесіндегі жеке тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы ТЖД кезекші бөліміне шақырту түсті.
Өрт сөндірушілер дереу оқиға орнына жетті. Өрт шыққан тұрғын үйдің ішінен түтінге уланған 3 тұрғынды (1978ж., 1982ж., 1973ж.) құтқарды. Сонымен қатар өрт сөндірушілер жеке тыныс алу жолдарын қорғау құралдары арқылы құтқарылған тұрғындарға аппаратты қосып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін "Апаттар медицинасы орталығы" қызметкерлері құтқарылған тұрғындарды Атырау облыстық ауруханасына жеткізді.
Өрт 23:06 сағатта толықтай өшірілді. Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД №4 өрт сөндіру бөлімінен 11 жеке құрам мен 3 бірлік техника және АМО қызметкерлері жұмылдырылды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА