Атырау, 10 қараша 10:51
 дождьВ Атырау -2.1
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45

​Мұз тұрар алдындағы қарбалас: Атырауда браконьерлерден 7 тоннадан астам балық тәркіленді

40 рет қаралды
Сурет: АЖ мұрағатынан
Сурет: АЖ мұрағатынан

Жайық-Каспий бассейні су айдындарында мұз тұру қарсаңында браконьерлік деректері жиілеп кетті. Тек қазан айы мен қарашаның бірінші аптасында балықты қорғау инспекциясының қызметкерлері 500-ге жуық құқық бұзушылықтың жолын кесті.

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының ресми өкілі Олег Тушкановтың айтуынша, өрескел бұзушылық белгілері бар 34 материал сот органдарының қарауына жіберілді. Сондай-ақ құқық қорғау органдарының қатысуымен өткізілген бірлескен рейдтер барысында балық аулау ережелерін бұзудың тағы 13 фактісі анықталды.

Күн сайынғы рейдтің нәтижесінде көрсетілген кезеңде заңсыз айналымнан 7 тонна 250 килограмм балық, құқық бұзушылар пайдаланған 45 жүзу құралы, сондай-ақ шамамен 900 балық аулау құралы, негізінен браконьерлік торлар тәркіленді.

22 қарашадан бастап кеме қатынасы тоқтатылады 

Балық қорғау инспекциясы әуесқой балықшыларды 22 қарашадан бастап алдағы мұз тұруға байланысты кеме қатынасы тоқтатылатыны туралы ескертеді. Осы сәттен бастап навигациялық белгілер мен буйлар алына бастайды, сондай-ақ теңізшілерге хабарлама шығарылады.

Қыста балық аулауға қай жерлерде тыйым салынған? 

Инспекция қыста әуесқой балық аулайтындарға Кіші дамбыдан Каспий теңізіне (сағасына) шығар жерге дейінгі Жайық өзенінің учаскесі тыныштық аймағы екенін еске салады. Мұнда балық аулауға жыл бойы тыйым салынған. Сонымен қатар кез келген көпірдің астында және қыстау шұңқырларында балық аулауға тыйым салынады.

Атырау облысында ондай учаскелерге мыналар жатады:

  1. Буровик қыстау шұңқыры — Жайық өзенінде, Ақжар ауылына қарама-қарсы, Бугорки учаскесінен 1,2 шақырым жоғары. Координаттары: N 47°13.062′, E 51°05.350′.

  2. Теңдік — Жайық өзенінде, Томарлы ауылына қарама-қарсы. Координаттары: N 47°09.825′, E 50°15.408′.

  3. Су қабылдағыш — Жайық өзенінде, «Су-Арнасы» қалалық су қабылдағышы аумағында. Координаттары: N 47°07.813′, E 50°15.733′.

  4. ОСВОД — Жайық өзенінде, ОСВОД-қа қарама-қарсы. Координаттары: N 47°06.750′, E 51°05.147′.

  5. Қалалық — Жайық өзенінде, АМӨЗ су қабылдағышына қарама-қарсы. Координаттары: N 46°57.240′, E 51°04.019′.

  6. Үлкен Дамба — Жайық өзенінің Алтын тармағында, мұз базасынан ағыс бойымен жоғары қарай 500 метр қашықтықта. Координаттары: N 46°57.813′, E 51°05.252′.

  7. Кіші Дамба — Алтын тармақтың Дамбы тармағына қосылған жерінде, әрі қарай ағыс бойымен 200 метр қашықтықта. Координаттары: N 46°57.240′, E 51°04.019′.

  8. Төменгі Пешной — Жайық өзенінде, Сасықөзек маңында. Координаттары: N 46°54.045′, E 51°30.558′.

  9. Үлкен Ганюшкин — Жайық өзенінің атырауында, Жайық тармағында, сағадан тармақтың бойымен жоғары қарай 10 шақырым жерде, балық инспекциясы бекетінің маңында. Ұзындығы — 240 метр. Координаттары: N 47°00.564′, E 51°47.368′.

  10. Кіші Ганюшкин — Жайықтың тармағында, Үлкен Ганюшкин шұңқырынан 1 шақырым жерде. Ұзындығы — 280 метр. Координаттары: N 47°00.668′, E 51°47.438′.

  11. Теңіз (Морская) — оң жақ Жайық тармағында, Сол Жақ Өзен тармағының бастауынан 3 шақырым жерде. Ұзындығы — 150 метр. Координаттары: N 47°00.317′, E 51°44.802′.

  12. Қара — Жайық тармағында, Алтын тармағының бөлінген жерінен 300 метр қашықтықта. Координаттары: N 47°03.516′, E 51°50.895′.

  13. Кукушин — Атырау қаласынан 208 шақырым қашықтықта орналасқан.

Ауға түскен балықтың көлемі қандай болуы тиіс? 

Сондай-ақ балықшыларға Атырау облысы шегіндегі Жайық-Каспий бассейнінің су айдындары мен балық шаруашылығы учаскелері үшін белгіленген балықтардың кәсіптік өлшемдерін есте ұстау қажет. 

Белгіленген өлшемдерге сәйкес келмейтін балықты аулағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Сонымен қатар әуесқой балықшылар түнгі уақытта — сағат 22:00-ден келесі күні таңғы 06:00-ге дейін балық аулауға шектеу қойылғанын есте сақтауы тиіс. Сондай-ақ түнгі уақытта мұздың үстіне шығуға тыйым салынады. 

Балық қорғау инспекциясы азаматтарды балық аулау ережелерін сақтауға, су биологиялық ресурстарына ұқыпты қарауға және өз өмірін қатерге тікпеуге шақырады.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

Бүгін, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.