Атырау, 26 қараша 04:24
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Батыста шаңды дауыл болады: мереке күндеріндегі ауа райы

1 134 просмотра

«Қазгидромет» мереке күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның көптеген облысында жауын-шашынсыз ашық ауа-райы сақталады, бірақ аяз біртіндеп әлсірей бастайды. Арктикалық антициклон орталығы Қазақстанның шығысында байқалады, осыған байланысты төмен және аязды температура сақталады.

15-16 желтоқсанда еліміздің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қар жауады.

Республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында желдің күшеюі, жаяу бұрқасын, таулы аудандарда тұман, республиканың батысында шаңды дауыл күтіледі. 

Түнде ауа температурасы батыста 5-15 градус аязға дейін, солтүстік-батыста және орталықта 10-25 градус аязға дейін, солтүстікте 17-28 градус аязға дейін, оңтүстікте 5-18 аязға дейін, оңтүстік-шығыста 10-25 аязға дейін біртіндеп жоғарылайды деп болжанып отыр, Қазақстанның шығысында 30-40 градус аяз сақталады.

14 желтоқсан 2023, 17:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.