Атырау, 27 қыркүйек 06:20
 ашықВ Атырау +16
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

«Промзонада» не атылды?

Толықтырылды Сурет Бейнежазба
1 274 просмотра

Сағат 13:58-де Атыраудың Оңтүстік өнеркәсіп аймағында орналасқан «Батыс Петролеум» ЖШС аумағында әлдене жарылды, оның себептері анықталуда, деп хабарлайды Petrocouncil.

Өрт сөндіру жүйесі автоматты түрде іске қосылды, оқиға орнында ТЖД қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Қаза тауып, зардап шеккендер жоқ.

2023 жылғы 14 желтоқсанда сағат 13:58-де Атырау қаласы Оңтүстік өндірістік аймағында орналасқан «Batys Petroleum» ЖШС-нің №1 цехтың жуу-булау станциясында жылжымалы темір жол құрамын (цистерна)  тазалау кезінде мұнай шламының қалдықтары жанып тұрған газ-ауа қоспаларының дүмпуі болды.

Дүмпу салдарынан цех құрылымдары ішінара опырылды. Сол уақытта автоматты түрде көбікпен өрт сөндіру жүйесі іске қосылды.

Оқиға орнында Атырау облыстық ТЖД-нің 48 қызметкері мен 5 бірлік техникасы, «Апаттар медицинасы орталығының» 3 қызметкері мен 1 бірлік техникасы, «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС-нің 5 қызметкері мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды. 


14 желтоқсан 2023, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.