Газа секторында 7 қазаннан бері қаза тапқан журналистер саны 89 болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Мұндай мәліметті Al Jazeera телеарнасы жариялады.
Телеарна мәліметінше, сәрсенбі күні анклавтағы атқылау кезінде екі БАҚ қызметкері қаза тапқан.
Өткен аптада Журналистерді қорғау жөніндегі халықаралық комитет (CPJ) Таяу Шығыстағы шиеленістің жаңа кезеңі басталғалы бері Газа секторында 63 БАҚ қызметкерінің қаза тапқанын растаған болатын.
Айта кетсек, Газа секторының денсаулық сақтау министрлігі «Израиль шабуылдарынан 18,6 адам қаза тауып, 50,6 адам жараланғанын» мәлімддеі.