Атырау, 14 желтоқсан 00:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 522.49
€ 547.88
₽ 5.06

«Қазақстандағы “нөмiрi екiншi адам” кiм?». "Мәскеудегі шпион ұстау – нашар қойылым". «Түркиядағы жарылыстардың артында Сирия мен Иран тұр». «“Үкiметтiң тең жартысы – миллиардерлер”».

2 141 просмотра

AIKYN.KZ. «Қаруға айналған лазер» - Қарудың небір жетілдірілген түрлері бар, мысалы, зеңбіректі, танкті немесе ұшақты үйдің ішінде отырып-ақ басқарып, кез келген нысананы атуға болады. Қазіргі кезде бұлар да қарудың ескірген түрлеріне жатады. АҚШ Әскери-теңіз күштері лазерлік зеңбірек, пилотсыз сүңгуір қайық, робот-балықтар сияқты қарудың жаңа түрлерімен қарулануда.

«Қаражаттың қадірі...» - «Рес­пуб­ликалық бюджеттің теңгерім­ді­лігін қамтамасыз ету және кірістер бо­йынша шығындардың бөл­шек­теп орнын толтыру мақсатында бюд­жет шығыстарын 159,6 миллиард тең­геге қысқарту бойынша ша­ра­лар көзделуде» деді сейсенбідегі Үкі­мет отырысында Экономика ми­нистрі Ерболат Досаев. Осы жағдайда елмен және Ел­басымен бірге болудың, әр теңгені ұқсатып жұмсаудың орнына, қара басының қамын қамдаған кейбір шенеуніктер ел қаржысына қол салып, қол салғанда да мол салып жатыр. Нақты мәліметке жүгінсек: былтыр Есеп комитеті 44 тексеріс қо­рытындысында ғана 395,2 мил­лиард теңгенің талан-тараж болға­нын әшкерелеген.

EGEMEN.KZ. «Жайықтың суы қайтып барады» - Биылғы көктемде Жайықтың суы тасып, арнасынан асады деп күтілген еді. Мұндай болжам өзен­­­нің жоғары ағысында қыста қар­дың көп түсуімен, соған сай көк­темгі қар суының мол болатынымен сабақтастырылды. Сондықтан да мол суды күтіп алып, оны зар­­­­дапсыз өткізу жөнінде облыс аумағында әжептәуір істер атқарылды.

«Осы біз кімбіз?» - Альберт Гордың кітабы осындай сұраққа жауап іздейді.

BNEWS.KZ. «С.Жалмағамбетова: Бюджеттегі тапшылықты әйелдер есебінен жабу әдепті ме?» - «Марченко мырзасының сөзіне қарағанда, әйелдердің зейнеткерлік жасын арттырудың басты себебі ынтымақты зейнеткерлік жүйе бойынша төлем жүргізуге қаржының жетспеушілігі болып табылады. 19,6 млрд АҚШ доллары деген қомақты мөлшердегі сан айтылып отыр. Бюджеттегі тапшылықты әйелдер есебінен жабу әдепті ме? Тәуелсіз сарапшылардың есептеулері іс жүзінде айтарлық төмен көрсеткішті көрсетіп отыр. Құдайбергенов атындағы макроэкономикалық зерттеулер орталығы жетекшілерінің есептеулері бойынша, әйелдер мен еркектердің зейнеткерлік жасын біріздендіру арқылы бар болғаны 2,4 млрд доллар қаржы үнемделетін болады. Бұл Марченконың көрсеткішіне қарағанда 8 есе төмен», - деді С.Жалмағамбетова.

AZATTYQ.ORG. «АҚШ сарапшысы: "Ислам мен исламизм екі бөлек"» - Бостонда жарылыс жасағандардың мақсаты не? Бұл туралы сұрай қалсаңыз, мәселені «радикалдық исламға» немесе «исламизмге» апарып тірейтіндер көп. Солшылдар мұны «Батыс империализмімен өштесу», «зорлықшыл экстремизм» десе, кейбір консерваторлар «діннің өзі осыған итермелеп отыр» немесе «бұл – діннің жаңарған экстремистік варианты» деген уәж айтады.

«"Мәскеудегі шпион ұстау – нашар қойылым"» -    Борис ВОЛОДАРСКИЙ:   "Бұндай оқиға шын мәнінде болған дегенге бірде бір маман сенбейді. Қазіргі заманда ондай операциялар мүлдем басқаша атқарылады. Тасаланудың түрлі айла-әдісі бар, тыңшылар ұзақ дайындықтан өтіп, жаңа технологиямен жұмыс істейді. Ал мына оқиға 1970 жылдардағы нашар қойылымды еске салады. Біреуді өзіңе жұмыс істейтін жансыз болуға көндіру (вербовка) бұлай жасалмайды және оны ешқашан Мәскеуде өткізбес еді. Оның бәрі шетелде ғана өтеді. Екіншіден, Фогл мырзадан алынды делінген заттарды тыңшылар соңғы 30-50 жылдан бері қолданбайды".

ZHASALASH.KZ. «Қазақстандағы “нөмiрi екiншi адам” кiм?» - Қазақстандағы “нө­­мi­­рi бiрiншi” кiм деп сұраса, әрине, “Қазақстан Республикасының президентi Нұр­сұлтан Назарбаев” деп жауап беретiнiңiз анық. Ресми һәм бейресми жағынан алсаңыз да, дұ­рысы солай. Ал ендi “нөмiрi екiншi адам” кiм? Сарапшылар “екiн­шi адам – ҰҚК төрағасы Нұртай Әбi­қаев” дейдi. Президент Н.Назарбаевтың сенiмi тұр­ғысынан қарайтын болсақ, солай да шығар. Егер бұлай сұрыптайтын болсақ, Әбi­қаевтан бастап, Досмұханбетовке дейiн бiраз ла­уа­зымды тұлғаның маңдайынан шертiп шығуға болар едi.

«“Үкiметтiң тең жартысы – миллиардерлер”» - Белгiлi экономист, “Ракурс” экономикалық талдау орталығының директоры Ораз Жандосовтың айтуынша, үкiметтегiлердiң тең жартысы – миллиардерлер. Экономист бұл ойын сейсенбi күнi жыл сайын Қазақстан бойынша өтетiн Fitch Ratings конференциясында айтты.

ZHEBE.COM. «Ұлт қажеті - жаңа партия» - Дәл қазір Қазақстанда ұлттық сананы рухани ту еткен бір шоғыр жас буын өрттей қаулап келеді. Бұл заңды құбылыс. Әлемдік жағдайды ой елегінен өткізіңіз. Биліктің ел мүддесінен алшақтап, жемқорлық пен әділетсіздікке ұрына бастаған әрекетіне ұлтшылдар мүлде жол бергісі келмейді. Алысқа бармай-ақ, Қырғызстандағы екі реткі көтерілісті айтуға болады. Осы арада «ұлтшыл» деген сөзді дұрыс түсіне білуіміз керек секілді. Соңғы жылдары «ұлтшыл» деп сөйлеуден қарадай қорқа бастадық. Неге екені белгісіз оның орнын «ұлтжанды» деген жасанды сөз басты. Белгілі қоғам қайраткері Әбдіжәлел Бәкір осы мәселеге байланысты ой білдіре келіп, «негізі жанды деген сөз «қатынжанды», «балажанды» деген сөздерге жақсы жалғау болады. Ал, ұлтшыл сөзі – болаттай берік ұғым, темірдей түсінік. Одан қашпауымыз керек.

«Түркиядағы жарылыстардың артында Сирия мен Иран тұр» - Рейханлыдағы жарылыстарды  осы террорлық ұйым әзірледі делінгенімен, қазір «Түркия халық азаттық партиясы-майданына» жәрдем  беріп, қолтығына су  бүркіп отырғандар да бар. Ол Сирия мен Иран  билігі. Таяу Шығыстағы текетіресте Түркияның  ең басты қарсыластары саналатын бұл елдер  қазір Анадолыны жайлаған  ағайынның берекесін алудың барлық жолдарын қарастырып жатыр. Солшыл анархист саналғанымен  Михрач Уралдың   серіктері бұл елдердің қолдауына  сүйенуде.  Уралдың өзі Башар Асадтың әкесі Хафыз Асадтың  кезінде Сирияға келгені, Хафыз Асадтың інісі Джемиль Асадтың  көмегімен  елдің азаматтығын алғандығы  белгілі болды.

JAQSY.KZ. «Депутатыңды көрсет, кім екеніңді айтайын» - Өйткені Парламент өздеріне берілген ой дейміз бе, шығармашылық дейміз бе, еркіндік мүмкіндіктерін қолдана алмауда. Қолдана алмады деп қоямыз, қолдана алатындар бар ма еді дейтін сауал да өзекті. Өз партиясында әбден «сүзгіден» өткен, «қиыс баспаймын, ережеден оңға, солға бұрылмаймын» дейтін іріктеуден өткен олардан қайраткерлік күту қаншалықты жарасымды?

16 мамыр 2013, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.