Атырау, 5 желтоқсан 08:15
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Ақтау порты арқылы мұнай экспортының көлемі 50%-ға артты

1 124 рет қаралды

2023 жылдың 11 айында Ақтау портынан қазақстандық мұнай экспорты 3 млн 62 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 млн 14 мың тоннаға немесе 50%-ға артық, деп хабарлайды «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі. 

Қазақстан мұнайын Ақтау портынан экспортқа тасымалдау көлемінің артуы Баку портына қарай жөнелтілетін шикізат көлемінің 205 мың тоннадан 1 миллион 238 мың тоннаға дейін ұлғаюымен байланысты, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 есе көп. Сонымен қатар, есепті кезеңде Ақтау портынан Махачкала портына қарай 1 млн 824 мың тонна мұнай жөнелтілді. 
 
2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдау көлемін арттыруды тапсырды. Осы тапсырмаға сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Әзербайжан Республикасының SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы Теңіз кен орнынан «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры бағыты бойынша жылына 1,5 миллион тонна мұнай тасымалдауды көздейтін келісім жасады.

11 желтоқсан 2023, 17:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.