«Ақ Жайық» газетінің редакциясына мектеп оқушыларының бірінің наразы болған ата-анасы қоңырау соқты. Оның айтуынша, құбырлардың қатып қалуына байланысты барлық оқушы көктемге дейін онлайн білім алуға көшірілген.
Белгілі болғандай, балалар шынымен де өткен аптаның бейсенбі күнінен бастап қашықтан оқып жатыр екен, бірақ бұл уақытша. №22 мектептің директоры Ақсұлу САЛИЕВАНЫҢ айтуынша, жылумен қамту жүйесінің ақаулығынан 5 кабинетте суық болған. Ақауларды жою үшін оқушылар онлайн оқуға көшірілген.
Осы аптаның сәрсенбісінен бастап сабақ әдеттегідей өтеді.
Атырау қалалық білім беру басқармасының баспасөз хатшысының хабарлауынша, 11 желтоқсанда Атырау мектептерінің бірінші ауысымы онлайн, ал екінші ауысымның оқушылары кестеге сәйкес, офлайн оқитын болады.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА