Ресей Украинаға жаппай басып кіргелі Зеленский Латын Америкасына алғаш барып отыр. Милей Ресей агрессиясын әлденеше рет айыптап сөйлеген, деп жазады Азаттық радиосы.
Саяси шолушылар Милейдің идеологиялық және экономикалық көзқарастарын оңшыл, анархист, либертариан және консерватив идеялардың қоспасы деп санайды, өзін популист деп есептейді.
Латын Америкасының кейбір елдерінің басшыларына қарағанда, Милей АҚШ-қа бағыт алуға шақырған және Израиль мен Украинаны қолдаған.