Атырау, 23 қараша 09:12
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АҚШ Израильге 106 млн долларға қару-жарақ сатуды мақұлдады

467 просмотра

Ақ үй құны шамамен 106,5 млн доллар болатын 14 мың танк снарядтарын конгрестің қарауынсыз Израильге сатуға рұқсат беру үшін өз өкілетін пайдаланды, деп хабарлайды Азаттық Радиосы.Бұл жөнінде АҚШ қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сүйенген Reuters хабарлады.

Бұл АҚШ президент әкімшілігі конгрестен мақұлдауды өтініп отырған миллиардтаған долларлық ірі келісімнің бір бөлігі ғана. Әскери көмек пакетінде "Меркава" танктеріне арналған 45 мың снаряд бар. Аталған танкілерді Израиль Газа секторында ЕО мен АҚШ-та "террористік ұйым" деп танылған палестиналық ХАМАС тобына қарсы пайдаланып жатыр.

Reuters-тің айтуынша, Израильді қолдау туралы өтініш Америка қаруын Газа секторында пайдалануға қатысты дау өршіген шақта түсіп отыр. Көптеген ел Израильді бейбіт тұрғындарды қырды деп айыптап отыр. Ал Израиль әскері жиһадшылардың әскери инфрақұрылымына шабуыл жасағанын айтады.

Қазан айында АҚШ президенті Джо Байден Украинаға 61,4 миллиард, Израильге 14,3 миллиард көмек бөлуді конгресстен сұраған. Заң жобасын осы аптада АҚШ сенаты өткізбей тастады. Құжатқа қарсы дауыс берген республикашылдар өзге елдерге көмектесуге қарсы еместігін айтып, алайда Мексикамен шекарадағы қауіпсіздікті күшейту туралы талаптардан да бас тартуға дайын емес екенін жеткізген.

11 желтоқсан 2023, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.