Атырау қаласы, Қаныш Сәтпаев көшесі 43а мекенжайында салынып жатқан "жер үсті жүргінші өтпе жолы және автокөлік кірме жолы" құрылысының тапсырыс беруші заңды тұлға "Сункар Девелопмент" ЖШС- не қатысты Атырау облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы тарапынан жеке тұлғаның арызы негізінде ҚР "Кәсіпкерлік кодексіне" сәйкес жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру нәтижесі бойынша аталған жұмыстар құрылыс нормалары мен Заң талаптарына сәйкес жүргізілмей, рұқсат құжаттарын жасақтамаған.
Осы кемшіліктердің негізінде Басқарма тарапынан ҚР ӘҚБтК сәйкес айыппұл салынып, Заңға сәйкес рұқсат құжаттарын жасақтау қажеттілігі туралы және құрылысты тоқтатуға нұсқама берілді.