«АтырауСуАрнасы» КМК-да кәріздік септиктерді соратын вакуумшілер бригадасы құрылды.
Атырауда септиктерді тартып шығару анағұрлым сұранысқа ие бизнес. Бірақ онымен бұрын тек жеке автоцистерналардың жүргізушілері ғана айналысатын. «АтырауСуАрнасы» КМК-не бұдан еш үлес тимейтін еді. Септиктерден шыққан лас суларды жеке вакуумшілер сорғылары көп электр тұтынатын қалалық кәріз жүйесінің құдықтарына құятын. Сөйтіп АСА жеке сектор тұрғындарынан септиктерді пайдаланғаны үшін төлемақы жинай бастады. Бірақ енді «АтырауСуАрнасы» КМК-ның жұртшылықпен жұмыс жөніндегі менеджері Александр ПАСТУХОВТЫҢ айтуынша, «септик үшін» төлемақы едәуір азаяды екен.
Мәселе мынада, егер тұрғын жеке вакуумшінің қызметіне жүгірмей, АСА-ға вакуумге тапсырыс берсе, кәріз үшін төлемнен (кәріз көлемі тұтынылған су көлеміне тең) септиктен сорылып алынған көлем төлемақысы шегеріліп тасталады екен.
Баға көрсеткіші келесідегідей: көлемі 3,5 тонна ГАЗ-53 вакуумымен сору қала шеңберіндеекі мың теңгеге, қала маңында үш мың теңгеге шығады. Көлемі 10 тонна КамАЗ-бен қала шеңберінде – төрт мың теңге, қала маңында – бес мың теңге болады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ