22 қарашада «Қазавтожол» АҚ ауа-райының нашарлауына байланысты (көріну 50 метрден аз, қар, қатты жел, көктайғақ) Атырау облысының екі көлік жолының қозғалысына шектеу қойды.
- сағат 14.30-тен бастап «Атырау-Орал» (179-189 км) республикалық маңызы бар А-28 автожолында (Индербор пос. - Батыс Қазақстан облысының шекарасына дейін);
- сағат 19:00-ден бастап «Атырау-Ақтөбе-Астрахань» (330-487 км) республикалық маңызы бар А-27 автожолында (Мақат кентінен Ақтөбе облысы шекарасына дейін)
Сондай-ақ жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін көршілес Батыс Қазақстан облысы мен Ақтөбе облыстарындағы жабық жолдардың картасын жариялап отырмыз.
Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ