Атырау, 10 қараша 11:31
 дождьВ Атырау -2.1
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45

Климаттық өзгерістер Қазақстанда жылыту маусымын қайта қарауға мәжбүр етеді

20 рет қаралды
СhatGPT көмегімен жасалған сурет
СhatGPT көмегімен жасалған сурет

Жаһандық климаттың өзгеруіне байланысты Қазақстанда жылыту маусымының кестесі мен ұзақтығы қайта қаралуы мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.

Ведомство басшысы күздің әдеттен тыс жылы болуына байланысты коммуналдық қызметтер жылуды тура мағынасында «көшеге беруге» мәжбүр болып отырғанын мойындады.

«Кейде, былайша айтқанда, ауаны жылытып жататын жағдайлар болады. Пәтерлердің іші ыстық болғандықтан, адамдар терезелерін ашады. Сөйтіп, біз бөлмелердің орнына сыртқы ортаны жылытып жатырмыз», – деді Ерлан Ақкенженов.

Министрдің айтуынша, энергетиктер жылу беруді сырттағы ауа райына қарай реттеп отыр. Алайда климаттық өзгерістер жалғаса берсе, жүйені заңнамалық деңгейде өзгертуге тура келеді.

Ақкенженов бұған мысал ретінде елордадағы жағдайды келтірді. Қазір қараша айының алғашқы жартысы болса да, Астанада әлі күнге дейін тұрақты қар жамылғысы қалыптаспаған.

«Температура небәрі минус бес градусқа дейін төмендеді. Ал жылдың осы кезеңінде біз минус 10–15 градус болады деп күткен едік. Климат пен жауын-шашын мөлшерінің қалай өзгеріп жатқанын анық байқап отырмыз», – деп атап өтті Энергетика министрлігінің басшысы.


Бүгін, 11:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.