Атырау, 10 қараша 11:31
 дождьВ Атырау -2.1
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45

«ҚазМұнайГаз» бен Chevron геологиялық барлау және газ жобаларындағы әріптестікті күшейтеді

24 рет қаралды

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Асхат Хасенов Вашингтонда «Chevron» корпорациясының upstream бағыты бойынша президенті Клэй Неффпен кездесті. Тараптар Теңіз кен орнын игеру, геологиялық барлау және жаңа индустриялық жобаларды іске асыру мәселелерін пысықтады.

Келіссөз барысында көмірсутектерді тасымалдау және өзара серіктестікті кеңейту бағыттары сөз болды. Атап айтқанда, қазіргі уақытта салынып жатқан Газ сепарациялау кешенін (ГСК) құрғақ газбен қамтамасыз ету үшін «Теңізшевройл» ЖШС-нің Lean Gas Modification (LGM) жобасын уақтылы іске асырудың маңызы ерекше атап өтілді. Айта кетейік, бұл кешеннің өнімі алдағы уақытта ұлттық компания мен серіктестері қолға алған ірі полиэтилен зауытына шикізат ретінде жіберіледі.

Сондай-ақ америкалық тарап ҚМГ жүзеге асырып жатқан ауқымды геологиялық барлау бағдарламасына қатысуға қызығушылық білдірді.

«Chevron – ҚазМұнайГаздың стратегиялық серіктестерінің бірі. Біз өзара тиімді әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделіміз», – деді Асхат Хасенов.
Бүгін, 11:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.