Атырау, 26 қараша 11:29
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Салық органдары кәсіпкердің шоттарына заңсыз шектеулер қойған

722 просмотра

Жеке кәсіпкер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерінің банк шоттарына заңсыз шектеу қойғаны туралы шағыммен жүгінген.

Кәсіпкер 2017 жылы банктен алған 60 миллион теңге несиеге мейрамхана салған. Пайда болмағандықтан, кәсіпкер мекемені дәл осындай сомаға сатуға мәжбүр болып, кейін несиені толығымен қайтарған.

Өз кезегінде, салық қызметкерлері сатылған құнның 10%-ы, яғни 6 млн теңге түрінде салық төлеу туралы хабарлама жолдады. Алайда, заңнамаға сәйкес, жеке кәсіпкердің кірісі болмаған жағдайда, ол салық есептілігін нөлдік көрсеткішпен ұсынуы қажет.

Мемлекеттік кірістер департаменті мен өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшылығымен өткен кездесу нәтижесінде кәсіпкердің шоттарынан шектеулер алынды.

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

22 қараша 2023, 21:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.