Атырау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкері арнайы техниканы жеделдетіп тіркегені үшін жүйелі түрде 87 мың теңге көлемінде пара алған, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Атырау облысы бойынша департаменті.
№2 қалалық соттың үкімімен оған қатысты мемлекеттік қызметте лауазымды орында жұмыс жасау құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 35 еселенген сомасында 3 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге үкім шығарды.
Атырау антикоры бөлім басшысына ведомстволық бақылаудың жоқтығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартуды ұсынды: оған сөгіс берілді.
Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ