Атырау, 26 қараша 11:36
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Атырау жылу желілері» АҚ кәсіпкерге 56,1 млн теңге қарызын төлемеген

816 просмотра

Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне кәсіпкер «Атырау жылу желілері» АҚ қызметіне қатысты шағымданды. Олар кәсіпкерге 8 ай бойы бекіту арматурасын жеткізгені үшін 56,1 млн теңге берешегін төлемеген.

«Атырау жылу желілері» АҚ бас тартуды шарт талаптарында 360 банктік күн ішінде төлем жасау көзделгендігімен түсіндірді. Антикор құжаттарды зерделеу барысында АҚ-ның барлық келісімшарты жеткізушілердің қызметіне кедергі келтіретінін анықтады.

Сондықтан облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменттерімен бірлесіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу және әлеуетті өнім берушілер тарапынан шағымдарды азайту мақсатында жоғары тұрған органдарға тауарды немесе көрсетілетін қызметтерді жеткізгені үшін ақы төлеу шарттарына нақты мерзімдерді көрсету түрінде өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар жолданды.

Бұдан басқа, Атырау облысының «Атамекен» ӨКП және мемлекеттік және квазимемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өткен кездесуде кәсіпкерге берешекті төлеу туралы келісімге қол жеткізілді. Қазіргі уақытта кәсіпкерге 30 млн теңге сомасында қарыз төленді, ал қалған бөлігі ай сайын 10 млн теңгеден аударылатын болады.

22 қараша 2023, 21:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.