Атырау, 27 сәуір 16:34
 ашықВ Атырау +20
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Жаңа жыл қарсаңындағы айқас. Данияда беделді CS турнирі басталады 2

466 просмотра

Копенгагенде BLAST Рremier күзгі маусымының жеңімпазын анықтау үшін CS2 бойынша 8 үздік команда жиналды. Fall Final 2023-тің жеңімпаздарына - BLAST Premier: World final 2023-ке жолдама мен 425 мың долларлық жүлде қоры қарастырылған.

Жеңіске үміткерлер тізімі

А тобында FaZe — Pyjamas  in Ninjas және Cloud9-NAVI шайқасады. 

Ал В тобында: Vitality-Heroic және Complexity-Astralis.

Әр топтан үздік үш команда плей — оффқа шығады, нашарлары - турнирден босатылады. Топтық кезеңнің жеңімпаздары жартылай финалға жолдама алады. Қалғандары-ширек финалға: жоғарғы рейтинг — өз тобында екінші орын алған командалар үшін, төменгі рейтинг — кестедегі үшінші жолақта орналасқан командалар үшін. Барлық матчтар "үштіктің үздігі" форматында өтеді.

Айтпақшы, 425 мың доллар командалар арасында келесідей бөлінеді: бірінші орынға — 200 мың, екінші орын үшін — 85 мың, үшінші және төртінші орын үшін — 40 мың, бесінші және алтыншы орын үшін — 20 мың, жетінші және сегізінші орын үшін — 10 мың доллар.

CS2 элитасындағы қазақстандық

Турнирде headtr1ck (Ninjas in Pyjamas), b1t және w0nderful (екеуі де — Navi) украиндықтар және ТМД өкілдері: Electronic, Perfecto, Ax1Le, Boombl4 ресейліктер және Hobbit лақап атымен танымал қазақстандық Абай Хасенов (барлығы Cloud9 құрамында) өнер көрсетеді. 29 жастағы Абайдың команда ішіндегі статистикалық көрсеткіштері жоғары, ал 2021 жылғы маусымда ол spring Finals 2021 ең құнды ойыншысы болып танылды. Қазақстандық киберспортшы MVP жүлдесіне үміткер бола ма, оны осы аптада білетін боламыз.

Ал сіз болса, күн сайын жаңа iPhone 15 иесі бола аласыз! Parimatch-тың қараша айындағы ұтыс ойынына қатысыңыз. Жеңіске жетудің жаңа мүмкіндігі - күн сайын. Осы жерде бастаймыз.

 

22 қараша 2023, 16:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.

Комментарий беру ажыратылған