Атырау облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының кибер қылмысқа қарсы күрес тобының қызметкерлері жұмысқа орналастыруға уәде беріп, тұрғынды алдаған 1990 ж.т. күдіктіні анықтады.
Күдікті Whatsapp әлеуметтік желісі арқылы ірі компанияға бос жұмыс орындары жөнінде жарнама шығарған. Бұл хабарландыру бойынша 1970 ж.т. азамат қызметінің төлемі ретінде әйел көрсеткен нөмірге Kaspi Gold қосымшасы арқылы алдымен 500 000 теңге, содан соң 300 000 теңге көлемінде ақша аударымдарын жасаған.
Ер адам өзін алдап кеткеніне күдіктеніп, құқық қорғау органдарына шағымданған. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, соттың заңды күшіне енген үкімімен адамның кінәсі танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА