Бұл туралы Атырау облысы бойынша мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының басшысы Мейіржан МҰҚАСОВ мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы конкурс арқылы жалпы сомасы 256 млрд теңгені құрайтын 1072 мемлекеттік сатып алуды жариялады. Олардың арасында қайта жарияланған конкурстар да бар.
Биылғы шартты үнемдеу көлемі - 7,3 млрд теңге. Оның ішінде 195,6 млрд теңге сомаға орындалған жұмыстар бойынша 322 тендер, 33,6 млрд теңгеге көрсетілген қызметтер бойынша 439 тендер, жалпы сомасы 26,6 млрд теңгеге тауарларды сатып алу бойынша 311 тендер бар.
– Өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік сатып алудың жалпы көлемі 64 пайызға артты. Нақтырақ айтсақ, өткен жылдың соңында жалпы сомасы 232,1 млрд теңгеге 386 тендер өткізілсе, биыл 256 млрд теңгеге 1072 тендер өткізілді, - деді М.Мұқасов.
Сондай-ақ брифинг барысында басқарма басшысы биылғы мемлекеттік сатып алулар бойынша қалалар мен облыстарға қатысты ақпаратты жария етті.
- Жалпы, биыл Атырау қаласында – 433, Махамбет ауданында – 153, Жылыойда – 70, Исатайда – 44, Мақатта – 106, Индерде – 157, Қызылқоғада – 72, Құрманғазыда – 129 тендер жарияланды, – деп қорытындылады. М.Мұқасов.