Атырау, 26 қараша 13:41
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Автобуста оқ атқан адам бұзақылығы үшін қамауға алынды

906 просмотра
Freepik 

20 қарашада Теңіз кенішінен шыққан жұмысшыларды Құлсары қаласына тасымалдаушы автобуста оқ атылды, зардап шегуші бар.

Оқиға Жылыой ауданындағы Жаңа Қаратон ауылының тұсында болған. Жолаушылардың бірі салонда оқ атқан, бағына орай, оқ бір адамның бетін жырып өткен. Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқ атқан адам қамауға алынып, ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 4-бөлігі («Бұзақылық») бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

22 қараша 2023, 15:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.