Атырау, 12 желтоқсан 10:18
 қар жаууы ықтималВ Атырау +1
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

"Әблязовтың жақтастары Ирландиядан табылды". "Бүгінде шолақ белсенділер бар ма?". "Қазір нейтральды емес, көзқарасты бағалайды". "Келін кім екен?…". "Қашағаннан қашқалақтау себебіміз не?".

2 374 просмотра

ZHASALASH.KZ. «Әлi шыға қоймаған азу кiмдi ықтырады?» - Отардағы тұңғыш әскери-жауын­герлiк шеру қалай өттi? Жұртқа “тыныш ұйықтауымызға болады екен” деген ой келдi ме? Рух бердi ме? Мақсатына жеттi ме? Не үшiн ұйымдастырылды?

AIKYN.KZ. «Әблязовтың жақтастары Ирландиядан табылды» - «Гардиан» басылымының мәлімдеуінше, Ирландияның Дублин қаласының маңында экс-банкир Мұхтар Әблязовтың жақтастары ашқан кеңсенің қызметін тексеру жұмыстары басталды. Ирландиялық билік өкілдерінің айтуынша, ирландық азамат Филипп Барвелл мен латвиялық Стэн Горин, Эрик Ванагелс және Юрий Витман жергілікті құқыққорғаушылардың қырағы көзіне іліккен. Аталған төрттіктің Әблязовқа қандай қатысы бар?

NAMYS.KZ. «Сәкен Алдашбаев. Бүгінде шолақ белсенділер бар ма?» - Кешегі ел басына күн туған шақта саңлақ елдің ұлдары сыр беріп, қойнына қысқан пәпке мен басына киген шәпкеге мастанып, езден де төмен іс етіп ауылдастарын, туған туыстарын, ең әрісі өз әкесін ұстатып жібергендері болды. Тіпті бірін бірі жау көргендері жала жауып, «өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай» етіп қазақты қазақ қырып салғаны жасырын емес. «Халық жауы» деп қаймағынан да, қасиеттісінен де сол кезде көп айырылды. Оған кінәлі ең бірінші өзіміз екеніміз ащы да болса шындық.

AZATTYQ.ORG. «Наваз Шарифтің жағалай жақсы болу саясаты» - Пәкістанда өткен парламент сайлауында бұрынғы премьер-министр Наваз Шариф бастаған партия жеңді. Шариф үкіметті үшінші рет басқармақ. Ол құратын үкіметтің сыртқы саясаты қандай болмақ?

ZHEBE.COM. «Түркиядағы жарылыстардың артында Сирия мен Иран тұр» - Өткен сенбіде  бауырлас түрік жұрты қан жылады. Түркияның  оңтүстік-шығысындағы Рейханлы кентінде болған  жарылыстан 50 адам қаза тапса, 140-тан астам адам жарақаттанған еді. Жарылысты «Түркия халық азаттық партиясы-майданы» (ТХАП-М) атты  солшыл, марксистік-анархистік радикалды ұйым ұйымдастырғаны белгілі болды.

SERKE.ORG. «Храпуновтарға қатысты 24 қылмыстық іс қозғалды» - Швейцарияда тұрып жатқан Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновқа және оның зайыбы Лейла Храпуноваға қатысты қозғалған қылмыстық істердің саны 24-ке жетті. Бұл туралы  Tengrinews.kz сайтында өткен онлайн-конференцияда ҚР Экономикалық және жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігінің төрағасы Рашид Түсіпбеков хабарлады.

MINBER.KZ. «Келін кім екен?…» - Ел құлағы елу, отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге жетеді деген. Бүгін еліміздің бүкіл ақпарат құралдары Елбасының жиені Айсұлтан Рахатұлы Назарбаевтың үйленетінін жарыса жазып жатыр. Құдалар құйрық бауыр жеспесе де, құда түсіп, қалыңдыққа сырға салып, үкісін тағып қойған секілді. Енді үйлену тойына дайындық жүріп жатқанын жазады ақпараттар.

ZONAKZ.NET. «Ұмытуға болмайды» - КСРО-дағыдай сұмдық адамзат тарихында басқа еш жерде болмаған. Чили диктаторы Пиночеттің 17 жыл (1973-90) басқарған уақытында 3 мыңға жуық адам опатқа ұшырады. Соның өзіне жарты әлем аза бойы қаза болып, шулады. Ал бізде үш жылда ғана қырылған халық осынша...

JAQSY.KZ. "М.Шевченко: "Қазір нейтральды емес, көзқарасты бағалайды" - Биылғы Еуразиялық медиафорумның алдында белгілі ресей журналисі, саясаттанушысы Максим ШЕВЧЕНКО бізге семинар беруді жөн көріпті. Бізге дегенде, "Қазмедианың" қабат-қабаттарында қымтырылып отырған қазақ журналистеріне. Бас-аяғы 30-40 журналист тіркелсе де, Максимнің сөзін тыңдауға 7-8 тілші ғана тартылды. Әдемі әңгіменің сол жерде қалғаны обал еді...

SHYN.KZ. «Марина КАКИМАКИ. Қашағаннан қашқалақтау себебіміз не?» - Қашаған кен орнындағы алғашқы мұнай үстіміздегі жылдың шілде айында алынады. ҚазТАГ агенттігінің хабары рас болса Астананың 15 жылдығына орай 6 шілдеде алғашқы бұрқақ атылмақшы.

15 мамыр 2013, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.