AZATTYQ.ORG. «Қазақстан Лондон заңгерлерінің табыс көзі болды» - Қазақстан Ұлыбританиядағы сот істерінің саны жөнінен көш басында тұр. Ағылшын әділет орындары «сотымыздың беделінің арқасында британиялық салық төлеушілерді жарылқауға болады» дейді.
INFORM.KZ. «Дума долларға тыйым салмақ» - Мемлекеттік дума АҚШ долларының Ресей аумағындағы айналымы мен оны сақтауға тыйым салуды ұсынды. Американдық долларды екі жыл ішінде айналымнан шығарып, одан әрі мәжбүрлі тәртіппен тәркілеуге ұсыныс жасалды. Бұл туралы тиісті заң жобасын әзірлеген РЛДП-дан депутат Михаил Дегтярев долларға тыйым салу қажет деп санайды. Оның айтуынша, американдық валютаға құнсыздану қаупі төніп тұр, сондықтан да ресейліктерді доллар бағамының құлдырауынан қорғау қажет.
ZHASALASH.KZ. «Кигенiмiз де, тұтынатынымыз да қытайдың қауiптi тауарлары» - Бұрындары қытайлық тауарға үрке қарап, қауiптенетiнбiз. Соңғы жылдары қытайдың заттары Қазақстан ғана емес, әлемдiк сауда нарығын жаулап алды. Еуропа елдерiне барып қайтқан бiр танысымыз “Лондондағы балама арнап әкелген ойыншықтың астында “made in CHINA” деген жазуды көрiп таңғалдым” дегенi бар.
«Қазақтың өзбектен қай жерi кем?» - Өзбекстан халқының саны 30 миллионға жеттi. Бұл туралы көршi елдiң статистика агенттiгi хабар таратты. Тәуелсiздiгiн алған жылы Өзбекстан халқының саны 21 миллионға жетпейтiн. Араға 22 жыл салып, 30 миллионды еңсердi. Бұл жетiстiк, әрине. Ал Қазақстан халқының саны 22 жылда, бұрынғы көрсеткiшпен салыстырғанда, әлi бiр адамға көбейген жоқ.
AIKYN.KZ. «Жемқорлар жұмыссыз қалмайды» - Мемлекет басшысының кезектен тыс аттестаттауды өткізу туралы Жарлығына сәйкес, Төтенше жағдайлар министрлігі жүйесінде 15 мың 942 қызметкер сынақтан өткізіліпті. «Кезектен тыс аттестаттау сапалы кадрлық жаңаруға және моральдық-адамгершілік қасиеттері төмен, коррупциялық мінез-құлықтағы, біліксіз қызметкерлерден тазаруға ықпал етті, – дейді ТЖМ басшысы. – Бұл кең ауқымды іс-шара қызметтік тәртіпті арттырды, қызметкерлердің теориялық, тәжірибелік, арнайы және физикалық даярлығын жақсартты».
«Ортақ валюта қандай болуы керек?» - Қазақстандық сарапшылардың жасап жатқан валюталық жүйесінің басты бағыты – Кедендік одаққа мүше үш елдің бірде-бірінде инфляцияның орын алуына жол бермеу. Яғни ұлтүсті ортақ валютаны ендірген кезде инфляцияның бір елден екінші елге өтуіне мүмкіндік бермейтін жүйені таратып айтатын болсақ, әр елдің дербес ақша саясаты сақталып қалады және олардың ықпалы бір-біріне тимейді. Қазақстандық сарапшылар өздерінің жасап жатқан жүйесі ұсыныстық сипатта екенін айтады. Біздің сарапшылар жасап жатқан жүйе шамамен екі аптада толық дайын болатын түрі бар.
SERKE.ORG. «Әбілязовты Кетебаев «лақтырып» кетті. Қош бол, «К плюс»!» - БТА банктің ақша сын жымқырып шетелде жасырынып жүрген Мұхтар Әбілязовтың «К+» спутниктік телеарнасы жабылды. Енді телеарнаның қайта эфирге шығуы неғайбыл. Телеарнаның Киев, Мәскеу, Бішкек қалаларындағы офистері таратылды. Журналистер мен телеарна қызметкерлері жалақысын ала алмай зар илеп жүр.
«Қазақстанның жоғары кадрлық резервіне кандидаттардың 4% ғана өзге ұлт өкілдері» -
Қазақстанның жоғары кадр резервіне кандидаттардың 4% ғана өзге ұлт өкілдері, деп көрсетілген мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайтында орналастырылған «А» корпусының кадр резервіне үміткерлер тізімінде.
ALASHAINASY.KZ. «Балаларға бабалардың соғыс тактикасын үйретпейінше, патриоттық тәрбие тамырлы бола ма?» - Қазақ өз тамырын сақтардан, ғұндардан, көк түріктерден тарататынына көз жеткіземіз. «Күндіз күлмедім, түн ұйықтамадым» дейтін Күлтегін сынды көк түрік тұсындағы қағанымыз бен ғұн тұсындағы Еділ патшамыздың өзі түгіл, атын естігеннен қарақұрттай қаптаған қытай императорлары, тіпті Еуропаны жайлаған, қару-жарағын сайлаған христиан әлемінің өзі де өлердей қорыққаны жайлы басқа емес, Қытайдың көне жылнамаларында жазулы тұр. Император Чин Шыхуаньди Қытай тарихында аса жаужүректігімен, батылдығымен қоса, сондай қатыгез, зұлымдығымен аты мәшһүр болған.