Атырау, 26 қараша 15:26
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атырауда балық аулауға мораторий жариялау ұсынылды

1 409 просмотра
freepik.com

«Жайық-Каспий» өңіраралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясында өткен жиында өзендегі балық қорының азаюы және толық пайдаланылмай отырған кәсіптік балық аулау лимиті мәселелері көтерілді. Жиынға балық инспекторларымен қатар ихтиолог, балық аулау кооперативтерінің иелері, облыстық мәслихат депутаттары мен жергілікті әкімдік өкілдері қатысты.

«АЖ» тілшісін жиынға шақырмады. Сондықтан ақпаратты инспекция басшысы Нұрлыбек ГАСИНМЕН және  Атырау қалалық балық қорғау инспекциясы басшысы Орынбасар ӘМІРЖАНОВПЕН телефон арқылы тілдесіп сұрап алдық.белгілі болғандай, балық аулау лимитінің толық пайдаланылмауына Жайық-Каспий бассейніндегі су деңгейінің төмендеуі себеп болып отыр.    

Белгілі болғандай, бұл бассейнге Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарының балық аулау лимиті кіреді. Н.Гайсиннің айтуынша, биыл бұл лимит үш пайызға төмендеген.

2023 жылы күзгі кәсіпшілік балық аулауға Жайық өзеніне 4200 тонна, Каспий теңізіне 7200 тонна лимит бөлінген. Балықшылар өзеннің, оның сағасының және Каспий теңізінің тартылуына байланысты лимит толық игерілмей қалды деп отыр. Осыған байланысты балықтың жекелеген түрлерін аулау көлемін азайту ұсынылды. 

Осыған байланысты жиынға қатысушылар балық аулауға үш жылдық мораторий енгізуді ұсынды және бұл О.Әміржановтың айтуынша, «балық санына қатысты мәселенің нақты шешімі». Соңғы рет балықты сақтап қалу мақсатында елу жыл бұрын балық аулауға үш жылдық мораторий енгізілген.

Оның айтуынша, соңғы рет балықты сақтап қалу мақсатында осыдан елу жыл бұрын балық аулауға үш жыл мораторий салынған.

- 1973 жылы балық жоқ болып кеткенде ихтиологтар теңізден балық аулауға болмайды деп үш жыл мораторий енгізді. Мен жиында балық аулау кооперативі иелерінен кешірім сұрап, балықтың азайып бара жатқаны жаныма бататынын айттым. Түсінемін, оларға да ақша табу керек. Бірақ балық өсімін де ойлауымыз керек қой?! Қазір қай балықтың да көлемі кішірейіп кеткенін көріп жүрсіздер. Ертең бүйте берсе тұқыл болып қалады ғой! Балық ұрпаққа жетсе екен дейміз, – дейді балық қорғаушы Әміржанов.

Бұдан бөлек ол тағы бір мәселенің шетін шығарды. Оның сөзінше, осыдан 20 жыл бұрын балық қорғаушылар мен ихтиологтар су түбін тереңдету жұмыстарына бақылау жасайтын. Қазір бұл олардың құзырында жоқ.

- Бес жылдан бері өзендердің түбін тереңдету жұмыстары жүріп жатыр. Соған біз бұрын қалай жасап жатыр, қанша терең қазып жатыр деген сияқты жұмыстарға араласып, бақылап отыратын едік. Қазір ол жоқ.

Одан бөлек, басқа балық қорғаушылар теңізден ауланатын сазан, көксерке, жайын, шортан ақсыла (жерех) балықтарын аулауға тыйым салуды ұсынды. Әңгіме өндірістік аулау жөнінде.

Еске салсақ, «АЖ» Жайық пен Каспийдің тайыздануы салдарынан жайын мен шортан жойылып бара жатқанын жазған. Биыл жазда Атырау облысында «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» (ҒӨО) ЖШС мамандарының қорытындысы бойынша жайын мен шортанды аулауға бір жылға тыйым салынды. 

Ғылыми мекеменің бас директоры Қуаныш ИСБЕКОВ тыйым салу себептеріне тоқталды.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрығымен 2023 жылғы 1 шілдеден 2024 жылғы 1 шілдеге дейін уақытша тыйым салынды. Соған сәйкес жайын мен шортанды тек 400 келі көлемінде ғылыми-зерттеу мақсатында аулауға болады. Өнеркәсіптік, әуесқойлық және спорттық аулауға тыйым салынады. «Нөлдік» шектеу Атырау қаласы шегіндегі Жайық өзеніне, сондай-ақ Индер және Махамбет аудандары маңында ғана қолданыста болады.

Шектеу енгізбес бұрын былтыр Республикалық балық шаруашылығы комитетінің тапсырысымен зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде «Балық шаруашылығы ҒӨО» ЖШС биологиялық негіздеме құрастырды. Ғылыми мекеменің бас директоры Қуаныш Исбековтың айтуынша, ғылыми зерттеулер Жайық өзенінде жайын мен шортанның кәсіпшілік санының азайғанын көрсетті.

Айнур САПАРОВА

8 қараша 2023, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.