Атырау, 26 қараша 17:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Жайық пен Каспийдің тайыздануы салдарынан жайын мен шортан жойылып барады

Сурет
1 918 просмотра

Биылғы жазда Атырау облысында «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» (ҒӨО) ЖШС мамандарының қорытындысы бойынша жайын мен шортанды аулауға бір жылға тыйым салынды. Ғылыми мекеменің бас директоры Қуаныш ИСБЕКОВ тыйым салу себептеріне тоқталды.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрығымен 2023 жылғы 1 шілдеден 2024 жылғы 1 шілдеге дейін уақытша тыйым салынды. Соған сәйкес жайын мен шортанды тек 400 келі көлемінде ғылыми-зерттеу мақсатында аулауға болады. Өнеркәсіптік, әуесқойлық және спорттық аулауға тыйым салынады. «Нөлдік» шектеу Атырау қаласы шегіндегі Жайық өзеніне, сондай-ақ Индер және Махамбет аудандары маңында ғана қолданыста болады.

Шектеу енгізбес бұрын былтыр Республикалық балық шаруашылығы комитетінің тапсырысымен зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде «Балық шаруашылығы ҒӨО» ЖШС биологиялық негіздеме құрастырды. Ғылыми мекеменің бас директоры Қуаныш Исбековтың айтуынша, ғылыми зерттеулер Жайық өзенінде жайын мен шортанның кәсіпшілік санының азайғанын көрсетті.

Осылайша, 2023-2024 кәсіпшілік жылындағы шортандарды аулаудың шекті рұқсат етілген көлемін есептегенде, оның кәсіпшілік саны 45 187 дана болған. Бұл нормативті минималды саннан (111 мың дана) және кәсіпшілік қор биомассасының критикалық мәнінен төмен («Балықтардың кәсіпшілік түрлері популяцияларының оңтайлы санының нормативтерін бекіту туралы» бұйрықпен реттеледі).

Осындай жағдай жайын аулаудың рұқсат етілген шекті көрсеткіштерімен ұқсас.

«Жайын мен шортанның кәсіпшілік қорының аз болуына соңғы 4 жылда Жайық өзеніндегі су деңгейінің өте төмен болуы, сондай-ақ Каспий теңізі деңгейінің ұзақ мерзімді төмендеу үрдісі себеп болды. Соның салдарынан қатты лайлану, балық жүретін арналар мен өзен атырауының таяздануы байқалады, - дейді Қ.Исбеков. - Каспий деңгейінің желшегерме-желкөтерме құбылуы процесінде балық жүретін арналардың көпшілігінде теңізбен байланыстан ажырауы (бөлінуі) байқалып тұрады».

Жартылай өрістейтін балықтардың (бұған жайын мен шортан жатады) уылдырық шашу тиімділігі су тасқыны ағынының көлеміне тікелей байланысты. 2013-2022 жылдар аралығындағы Жайық өзеніндегі суды талдау судың көп болу жиілігі төрт жылды, орташа болуы екі жылды құрады, ал соңғы төрт жылда судың өте аз болғанын көрсетті.

Балықтың қыстау үшін өрістеп, уылдырық шашуына 1992 жылдан бері Каспий теңізі деңгейінің (2022 жылғы қаңтардағы ахуал бойынша минус 28,33 метрді құрады) төмендеп, балық жүретін арналардың ажырауы да кедергі келтіреді. 

Айтпақшы, бір жарым ай бұрын сіздің тілшіңіз теңізге шығып, ол жерде қорқынышты жайтты көрген еді! Өзен аузындағы тереңдік бір метрге әрең жетеді, ал сағасындағы кеңістікте аралдар пайда болған. Оларға жақын жерде тереңдету жұмыстарын жүргізуге арналған балшық сорғыш кеме тұрды.

Айтпақшы, зерттеу нәтижелері бойынша жайын мен шортанды аулауды шектеуден бөлек (бастапқыда үш жылға тыйым салу ұсынылды) «Балық шаруашылығы ҒӨО» мамандары Жайық атырауының балық жүретін бүкіл каналдарының түбін тереңдетуді және күрделі мелиорациялауды ұсынды. Бірақ бұл көмектесер ме екен?

Лев ГУЗИКОВ

«Балық шаруашылығы ҒӨО» ЖШС ұсынған кесте мен сызба

Автор түсірген және «AЖ» мұрағатынан алынған суреттер

25 қыркүйек 2023, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.