Атырау, 14 қаңтар 00:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 528.52
€ 539.14
₽ 5.17

Атырауда табиғат сыйлаған тегін сырғанақ пайда болды

Бейнежазба
189 просмотра

Атырау қаласының маңындағы тұрғындар күтпеген табиғи құбылыстың куәсі болды. Көктемгі су тасқыны кезінде Жайық өзенінен жайылымға жайылған су мұзға айналып, мінсіз тегіс сырғанақ қалыптастырды. Табиғаттың бұл құбылысы тез арада жергілікті халық арасында танымал демалыс орнына айналды.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ашық аспан астындағы бұл табиғи мұз айдыны балаларды ойнатуға, коньки тебуге және таза ауада уақыт өткізуге таптырмас мүмкіндік.

Сырғанақ алаңы Атырау–Қарабатан жолының бойында, көпірге жетпей орналасқан.

Бейнежазбада тұрғындар:

"Келіңіздер, сырғанақ теуіп, табиғаттың таза ауасымен рахаттаныңыздар. Балаларды ойнатып, демалуға керемет мүмкіндік!" – деп шақыруда.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 

Кеше, 17:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.