Атырау, 14 қаңтар 00:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 528.52
€ 539.14
₽ 5.17

​Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Атырау облысында жұмыс сапарымен болды

Бейнежазба
188 просмотра

Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Санжар Әділов Атырау облысына жұмыс сапарымен келіп, облыстық полиция департаментінің 2024 жылғы жедел қызмет жұмысының нәтижелерімен танысты. Сапар барысында ол құқық қорғау органдарының жұмысының тиімділігін арттыру, қылмыспен күресу, қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстарды талқылады.

Санжар Әділов қылмыстың алдын алу бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, киберқылмыспен күрес, есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және құқықтық тәртіпті нығайту бағытындағы жұмыстарға ерекше тоқталды. Ол бұл бағыттардағы бастамаларды одан әрі дамыту қажеттілігін атап өтті. Бұдан бөлек, қызметкерлердің кәсіби дайындығын арттыру, моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту, сондай-ақ қызметтік тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтау қажеттігін айтты.

- Қоғамның қауіпсіздігі мен тұрғындар тыныштығын қамтамасыз етуде халыққа сапалы қызмет көрсетуге және халықпен тығыз әріптестікте құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған жұмысты ұйымдастыру маңызды. Тәртіп сақшыларының патриоттық рухы қашан да биік және офицердердің бойындағы адамгершілік, тәртіп пен ізеттілік көпшілікке үлгі болуы тиіс,- деді полиция генерал-майоры Санжар Аскенұлы Әділов.
Кеше, 17:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.