Атырау, 2 қыркүйек 13:17
 дождьВ Атырау +24.4
$ 458.45
€ 531.39
₽ 5.29

​Көктайғақ және тұман: 14 қаңтарда болатын Атырау облысындағы ауа райы болжамы

1 009 рет қаралды

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, 14 қаңтарда түнде Атырау облысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Дауылды ескертуге байланысты Атырау облысы ТЖД ескертеді:

- Дауыл туралы ескертулер жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар.
- Ауа-райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар.
- Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.
- Қатты аяз техногендік өрттердің көбеюіне ықпал етуі мүмкін. Осыған байланысты біз жоғары қуатты электр құрылғыларын бір уақытта қосу арқылы пештерді қыздырмауға немесе электр желілерін шамадан тыс жүктемеуге кеңес береміз.
- Автокөлік иелеріне ашық оттың көмегімен автомобильдерді жылыту қаупі туралы еске саламыз.
- Барлық оқиғалар туралы 112 немесе 101 телефондарына хабарласуыңызды сұраймыз.

13 қаңтар 2025, 20:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.