Атырау, 18 желтоқсан 07:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 514.31
€ 603.03
₽ 6.40

Алматыда автобус пен тепловоз соқтығысып, 6 адам зардап шекті

469 рет қаралды
видеодан скриншот

Алматыда 26 қараша күні жолаушылар мінген автобус пен тепловоз соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ЖКО сағат 11:40-та Гоголь көшесінің Әуезов көшесімен қиылысында болған. Жеке тасымалдаушыға тиесілі жолаушылары бар автобус теміржол бойымен жүретін тепловозға соғылды.

«Апат салдарынан қоғамдық көліктің алты жолаушысы зардап шекті. Оларға медициналық көмек көрсетілді», - деп хабарлады Алматы ПД.

Құқық қорғау органдары апаттың мән-жайын анықтап жатыр.

26 қараша 2024, 14:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.