Атырау, 26 қараша 19:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атырауда сәбилерге қандай есім жиі қойылады?

1 363 просмотра

Атырау облысы бойынша 2023 жылы дүние келген сәбилер арасында ұлдардан Имран, қыздардан Айша есімі көш бастап тұр.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ облыстық филиалының азаматтық хал актілерін тіркеу басқармасы мәліметіне сүйенсек, Атырау облысында осы жылдың 1 қаңтары мен 30 қазан аралығында 13 278 сәби дүниеге келген. Олардың арасында қандай есімдер көш бастап тұр? Ұлдарға Имран (135), Ахмад (132), Омар (130), Хамза (124), Амир (117) қойылған. Ал қыздар арасында Айша (201), Айлин (195), Асылым (182), Медина (172), Сафия (152) есімі көш бастап тұр.

Осыдан үш жыл бұрын «АЖ» жазған статистикамен салыстырар болсақ, 2020 жылы ұлдарға ең көп қойылатын есімдердің басында Ибраһим, Әлихан болған. Ал қыздар арасында Айша мен Айлин әлі де ең таңдаулы есімдер қатарынан қалмай келеді.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Инфографиканы жасаған автор

31 қазан 2023, 13:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.